ЕНПФ

 

«БЖЗҚ»-Акционерлік Қоғамы Қарағанды облыстық филиалында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдіктақырыбында  Ашық есік күні болып өтті.

 2017 жылғы 12 желтоқсанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) филиалдарының барлығында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік» тақырыбында Ашық есік күні өтті.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы жүйесіне қатысты мәселелердің заманауи жай-күйін салымшыларға түсіндіріп, халыққа насихаттауды жалғастыруда. Бұл жолы салымшылар үшін өзектілігі мен маңызын ешқашан жоғалтпайтын «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік» тақырыбы алынды.

Аталған іс-шараға келгендер БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының қалай жиналып, түрлі қаржы құралдарына инвестиция түрінде қалай құйылатындығы жөнінде хабардар болды. Инвестициялаудан түсетін табыстың инфляция деңгейінен жоғары немесе төмен болуы мүмкін екеніне орай нақты жинақ пен салынған жарна сомасы арасында айырма сомасы пайда болады. Бұл айырма алушыларға зейнетақы төлемдерін алуға құқық берілген кезде төленеді. Мемлекет кепілдігі бойынша төлемге құқықтың кімге берілетіні, сондай-ақ төлемді алу үшін қайда бару керектігі жайлы Қор қызметкерлері толық айтып берді.

Ашық есік күні бағдарламасында «Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік» тұсаукесері қамтылған. Онда Қазақстан Республикасында зейнетақы жинақтарының сақталуы мен табыс мәселелеріне қатысты толық ақпарат таратылды. Іс-шараға қатысушыларға тұсаукесерден соң өздерін қызықтыратын барлық сауалдар мен жеке кеңес алу мүмкіндігі берілді.

«БЖЗҚ» Қарағанды облыстық филиалының қызметкерлері елімізде зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдіктің бірегей жүйесі жұмыс істейтінін атап көрсетті. Мемлекет «БЖЗҚ»-ға нақты салынған міндетті зейнетақы жарналарын зейнетке шыққан сәттегі инфляция деңгейін ескеріп сақтауға кепілдік береді. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабына сәйкес алушыларға мемлекет БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын зейнетақы төлемдеріне құқық берілген сәттегі инфляция деңгейін ескеріп, нақты салынған зейнетақы жарналары мөлшерінде сақтауға кепілдік береді. Басқаша айтқанда, адам зейнетке шыққан кезде оның жеке зейнетақы шотындағы табыстылықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу кезеңіндегі инфляция деңгейіне қатынасы есептеледі. Егер зейнетақы жинақтарының табыстылығы инфляция деңгейінен төмен болатын болса, мемлекет бұл айырмашылықты өтейді. «Бұл қаржы нарықтарында жағдайдың қалай өрбитініне және инвестициялық табыстың қандай болатынына қарамастан, салымшылардың жинақтары сенімді түрде қорғалады деген сөз. Зейнетақы активтерін сақтау кепілдігі барлық жинақтың БЖЗҚ-ға шоғырландырылуы арқылы да қамтамасыз етіледі. «БЖЗҚ» акционері – Үкімет, ал сенімді басқарушы – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» - деп түсіндірді  Қарағанды облыстық филиалыны  директорының орынбасары Мусин Болат Қанатұлы.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Ашық есік күнін тұрақты түрде өткізеді. Дәл осы күні кез-келген адамға Қордың стандарт қызметтерінің топтамасы ұсынылып қана қоймай, сонымен қатар олар зейнетақы жүйесі және Қордың жалпы жұмысы жайлы жаңа мәлімет ала алды.

Қарағанды  филиалында іс-шараға шамамен 200 қала тұрғыны келді. Ашық есік күніне алғаш келген салымшылардың бірінің сөзіне сүйенсек, іс-шара өте қызықты болған. «Мен жаңа әрі пайдалы көп ақпарат алдым. Жеке кеңес алып, келешекте де осындай кездесулерге келіп тұратынымды түсіндім. Енді өз туыстарыма, таныстарыма, әріптестеріме, көршілеріме де келуге кеңес беремін. Зейнетақы мәселесі баршамызға қатысты. Сондықтан біз зейнетке шыққанда болатын өзгерістер, жаңалықтар туралы біле жүруіміз керек. Ең бастысы, жинағымыз түгел», - деді іс-шараға қатысушы.

 БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттік топтамасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруында. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: press@enpf.kz

 

 

 

 

Государственная гарантия сохранности пенсионных накоплений

 

В ЕНПФ прошел День открытых дверей

 

12 декабря 2017 года в Карагандинской областном филиале «Единого накопительного пенсионного фонда» (ЕНПФ) прошел День открытых дверей на тему «Государственная гарантия сохранности пенсионных накоплений».

Единый накопительный пенсионный фонд активно продолжает информировать население, разъясняя вкладчикам современное состояние целого комплекса вопросов, связанных с пенсионной системой. На этот раз была выбрана тема государственной гарантии сохранности пенсионных накоплений, которая никогда не теряет своей актуальности и значимости для вкладчиков.

Посетив данное мероприятие, участники смогли узнать о том, как работают пенсионные накопления в ЕНПФ, как они инвестируются в различные финансовые инструменты. В связи с тем, что доходность от инвестирования может быть, как выше, так и ниже уровня инфляции, возникает разница между реальными накоплениями и суммой внесенных взносов. Данная разница будет выплачиваться получателям при наступлении права на пенсионные выплаты. Кто имеет право обратиться за выплатой по гарантии государства, а также куда надо обращаться за выплатой, подробно рассказали сотрудники Фонда.

Программа Дня открытых дверей включает презентацию «Государственная гарантия сохранности пенсионных накоплений», в которой подробно представлена информация, касающаяся вопросов сохранности и дохода пенсионных накоплений в Республике Казахстан. Участникам мероприятия была представлена возможность после презентации задать все интересующие их вопросы, а также получить индивидуальную консультацию.

 Сотрудники Карагандинского областного филиала «ЕНПФ» сделали акцент на то, что у нас в стране действует уникальная система государственной гарантии сохранности пенсионных накоплений. Государство гарантирует сохранность фактически внесенных в ЕНПФ обязательных пенсионных взносов с учетом уровня инфляции на момент выхода на пенсию. В соответствии со статьей 5 Закона Республики Казахстан «О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан» государство гарантирует получателям сохранность обязательных пенсионных взносов и обязательных профессиональных в ЕНПФ в размере фактически внесенных с учетом уровня инфляции на момент получения права на пенсионные выплаты. Иными словами, когда человек выходит на пенсию, производится расчет доходности на его индивидуальном пенсионном счете в соотношении с уровнем инфляции за весь период нахождения в накопительной пенсионной системе. Если доходность пенсионных накоплений ниже уровня инфляции, государство эту разницу возмещает. «Это говорит о том, что накопления вкладчиков надежно защищены независимо от того, как будут развиваться события на финансовых рынках и складываться ситуация с инвестиционным доходом. Гарантия сохранности пенсионных активов обеспечивается и посредством того, что все накопления аккумулированы в ЕНПФ, акционером которого является Правительство, а доверительным управляющим - Национальный Банк Республики Казахстан» - пояснил заместитель директора Карагандинского филиала Мусин Болат Канатович.

Единый накопительный пенсионный фонд проводит Дни открытых дверей на постоянной основе. Поскольку в этот день каждый желающий может не только получить стандартный пакет услуг от фонда, но и сможет узнать много нового как о пенсионной системе, так и о работе фонда в целом.

            Мероприятие посетили порядка 200 жителей города. По словам одного из вкладчиков, который впервые пришел на День открытых дверей, мероприятие получилось очень интересным: «Я узнал много новой и полезной информации, - сказал участник мероприятия, - получил индивидуальную консультацию, понял, что буду приходить на подобные встречи и в дальнейшем, и конечно, посоветую всем своим родственникам, знакомым, коллегам, соседям. Пенсия касается всех и каждого, поэтому надо активней интересоваться, узнавать обо всех нововведениях, изменениях, что нас ожидает, когда мы выйдем на пенсию. Главное, что наши накопления в полной сохранности». 

 ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Государственный пакет акций АО «ЕНПФ» находится в доверительном управлении Национального Банка Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. С 1 января 2016 года функции по выработке предложений по повышению эффективности управления пенсионными активами переданы Совету по управлению Национальным фондом, который возглавляет Президент Республики Казахстан.

В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, пенсионные выплаты, индивидуальный учет пенсионных накоплений и выплат, предоставляет вкладчику (получателю) информацию о состоянии его пенсионных накоплений (подробнее на www.enpf.kz).

                                                                                    

Пресс-центр АО «ЕНПФ»

Контакты для СМИ: press@enpf.kz